Bugin
Қазақстандықтар мінген 3 автобус Украина шекарасында 7 сағаттан бері тұр. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Себебі елден шыққысы келетіндер көп. Отандастарымызды сабырға шақырамыз. Біз қолдан келгеннің бәрін қарастырып жатырмыз», - деді СІМ ресми өкілі А. Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Кезекте тұрған алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар.
Ресми өкіл Украинада зардап шеккен қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.